«Көмек көрсету – адамгершіліктің белгісі»

«Көмек көрсету – адамгершіліктің белгісі»
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Көмек» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық және өзара көмек көрсету құндылықтарын қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар көмек көрсетудің маңыздылығы туралы ой бөлісіп, күнделікті өмірдегі қайырымдылық пен жанашырлықтың рөлі жайлы талқылады. Сонымен қатар, қиын жағдайда бір-біріне қолдау көрсету, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту мәселелері қозғалды.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттырып, қоғамға жанашыр, жауапты әрі саналы тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.