Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қалалық International jiu-jitsu championship 1-орын иеленді.
30
желтоқсан
2022
Қалалық International jiu-jitsu championship 1-орын иеленді.
Лицейіміздің 5 «б» сынып оқушысы Аманбаев Рахат қалалық International jiu-jitsu championship 2022-2023 спорт түрінен 1-орын иеленіп, чемпион атанды!
Математика пәнінен қалалық олимпиадасының жүлдегерлері
14
желтоқсан
2022
Математика пәнінен қалалық олимпиадасының жүлдегерлері
2022 жылдың 12 желтоқсан күні №159 гимназия базасында Құрмет орденінің иегері, ұлағатты ұстаз Аягүл Миразова атындағы математика пәнінен қалалық олимпиада өтті. Олимпиадаға 117 оқушы қатысып 6 оқушы жүлделі орын мен бағалы сыйлықтар иеленді, соның ішінде лицейіміздің 10-сынып оқушылары Қалым Алпамыс, Қуанышов Ерасыл 2-орын және 100 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болса, 9-сынып оқушысы Орынбасар Ақжол 3-орын иеленіп 50 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды, құттықтаймыз!
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау
14
желтоқсан
2022
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау
14.12.2022 күні С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде Тәуелсіздік мерекесңнің 31 жылдығы қарсаңында 5-сыныптарды республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді!
«Алтын сақа» республикалық олимпиаданың облыстық кезңінің 1-орын иегері
13
желтоқсан
2022
«Алтын сақа» республикалық олимпиаданың облыстық кезңінің 1-орын
Математика пәнінен 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген 🧮«Алтын сақа» республикалық олимпиаданың облыстық кезңінің 1-орын иегері С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей!
«Жас Ұлан» ұйымының қабылдау рәсіміне қатысты.
13
желтоқсан
2022
«Жас Ұлан» ұйымының қабылдау рәсіміне қатысты.
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей 5-сынып оқушылары Аманжол Жасмин, Хайрулла Дамир, Тәубе Нұрасыл Алматы қаласы оқушылар сарайында өткен «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының қалалық салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты!
«Бес асық» ойынынан 3-орын
12
желтоқсан
2022
«Бес асық» ойынынан 3-орын
Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 5-6 сынып оқушылары қалалық «Бес асық» ойынынан 🥉3-орын иеленді, құттықтаймыз!🙌🏻🇰🇿 📌Жетекшісі: Эрнстова Р
XIV халықаралық Еуразия олимпиадасынан III дәрежелі диплом
07
желтоқсан
2022
XIV халықаралық Еуразия олимпиадасынан III дәрежелі диплом
2022 жылдың 4-5 желтоқсанында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында информатика пәнінен оқушылар арасында XIV халықаралық Еуразия олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекістан, Тәжікстан мемлекеттерінен 50 команда қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей оқушысы Муханбеткалиев Дастан 🥉қола медалімен және III дәрежелі дипломмен марапатталды!
Ғылыми жоба жетекшілерін мектепішілік марапаттау
07
желтоқсан
2022
Ғылыми жоба жетекшілерін мектепішілік марапаттау
Қалалық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздарын, ғылыми жетекшілерін мектепішілік марапаттау сәті
“Үздік педагог-2022” байқауынан 1-орын
07
желтоқсан
2022
“Үздік педагог-2022” байқауынан 1-орын
Математика пәнінің мұғалімі Сеитова Гүлжан Атабекқызы қыркүйек-қазан айларында өткен республикалық “Үздік педагог-2022” байқауының аудандық кезеңінің 1-орынды иеленіп, байқаудың қалалық кезеңіне қатысып, 2022 жылдың 2-желтоқсанында қалалық байқаудың салтанатты қорытынды марапаттау іс-шарасына қатысып, арнайы сертификатты иеленді.
«Елбасы медалі» иегері
02
желтоқсан
2022
«Елбасы медалі» иегері
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 10 «ә» сынып оқушысы Әбілханова Мадина «Елбасы медалі» иегері атанды, құттықтаймыз!