Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Марапат: Латыпов Құдайберген
02
қыркүйек
2021
Марапат: Латыпов Құдайберген
    Лицейдің білімді де, білікті ұстазы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Латыпов Құдайберген білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі  елеулі еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миинистрлігінің "Алғыс хатымен" марапатталды. Құттықтаймыз!
Марапат: Муханбеталиева Нурзия Есимгалиевна
02
қыркүйек
2021
Марапат: Муханбеталиева Нурзия Есимгалиевна
         Музыка және  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Муханбеталиева Нурзия Есимгалиевна "Өзін-өзі тану" пәні бойынша өткен оқу жылында бейнесабақтардың мазмұнын әзірлеуге және түсіріліміне қатысқаны үшін "Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының" Алғыс хатымен марапатталды. Ұстаз еңбегі әркезде де бағалы, жоғары бағаланып келеді. Мәртебелі ұстазымыз Нурзия Есимгалиевнаға еңбегіңіз жемісті, толағай табысты бола берсін демекпіз!
Республикалық  ЖББ пәндер олимпиадасы
19
мамыр
2021
Республикалық ЖББ пәндер олимпиадасы
9 "А"сынып оқушысы Республикалық ЖББ пәндер олимпиадасында информатика пәнінен 3-орынды иеленіп, қола медаль иегері атанды. Ата-анасына алғыс білдіре отырып, лицей абыройын көтерген Дастанға зор табыс тілеп, үлкен белестерді бағындыруға тілектеспіз!!!
Қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары
19
мамыр
2021
Қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары
Сәуір айында өткен қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары информатикадан 8 сынып оқушысы Жексенов Арманжан, 2-орын, жетекшісі Бекбергенова Б.С., 7 сынып оқушысы Қозыбек Аружан 3-орын, жетекшісі Малыбаева Г.А., сондай-ақ, биология пәнінен 7 сынып оқушысы Рахманәлі Аружан "Құрмет грамотасымен" марапатталды, жетекшісі Мақсот А.Б. Құттықтаймыз!!!
Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасы
11
мамыр
2021
Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасы
Лицейдің 10 сынып оқушысы Арғынбаева Бибінұр Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасына қатысып, 3-орынды иеленді. Жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі К.А.Сеитова. Құттықтаймыз!
Қалалық "Алтын түлек" олимпиадасы
10
мамыр
2021
Қалалық "Алтын түлек" олимпиадасы
Қалалық "Алтын түлек" олимпиадасына лицейдің 10 сынып оқушылары қатысып, Окенов Ильяс 2-ші орынды иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен және 10000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. 10 сынып оқушысы Арғынбаева Бибінұр грамотамен марапатталды. "Алтын түлек" олимпиадасының қалалық кезеңінің 3-орын жеңімпазы С.А.Ходжиков атындағы#39 мамандандырылған лицей атанды. Құттықтаймыз!!!
SRSS және SROC jump ROPE номинациясы
03
мамыр
2021
SRSS және SROC jump ROPE номинациясы
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен мектеп оқушылары арасындағы жарыста лицейдің 9 А сынып оқушысы Абибулла Сәнім SRSS және SROC jump ROPE номинациясы бойынша 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Алматы жыл мұғалімі" конкурсы
28
сәуір
2021
"Алматы жыл мұғалімі" конкурсы
Лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі-Аманов Нұржігіт Бердібекұлы аудандық "Алматы жыл мұғалімі" конкурсының бас жүлдесіне ие болды. Нұржігіт Бердібекұлын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, қалалық кезеңде сәттілік тілейміз!
“Қосбатыр клубы” ұйымдастырған Дзюдо күресі
19
сәуір
2021
“Қосбатыр клубы” ұйымдастырған Дзюдо күресі
Лицейдің 5 "Ә" сынып оқушысы Мейрамбек Ануар “Қосбатыр клубы” ұйымдастырған Дзюдо күресінен 2-орынға ие болды. Ануарды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республикалық қашықтық олимпиадасы
15
сәуір
2021
Республикалық қашықтық олимпиадасы
Лицейдің математика пәнінің мұғалімі Адырова Райгүл Әбдіманапқызының оқушылары математикадан Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, жүлделі 1, 2, 3- орындардың жеңімпаздары атанып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!!!