Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Nasa Space Apps challenge халықаралық хакатон
15
сәуір
2021
Nasa Space Apps challenge халықаралық хакатон
Лицейдің 11 сынып оқушысы Мүптеке Марғулан Nasa Space Apps challenge халықаралық хакатонда 1 орынды иеленіп (робототехника), өткен оқу жылында осы байқаудан оқушыларымыз телескоп ұтып алған болатын, ендігі кезекте Марғұлан 150 000 теңге ақшалай сыйлық ұтып алды. Жетекшісі: Мустафин С.Б. Жетістіктен жетістікке жете бер дегіміз келеді, құтты болсын!!!
Республикалық ғылыми жоба конкурсы
14
сәуір
2021
Республикалық ғылыми жоба конкурсы
2021жылдың 10-12 ақпан айында өткен Республикалық ғылыми жоба конкурсына жүлдегерлерді дайындағаны үшін география пәнінің мұғалімі А.Т.Естемесова, информатика пәнінің мұғалімдері Н.Т Маликова, Г.Т. Тулемисова және математика пәнінің мұғалімі Г.Б.Молдаханова "Дарын" Республикалық орталығының "Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын.
Республикалық ғылыми жоба конкурсы
14
сәуір
2021
Республикалық ғылыми жоба конкурсы
2021жылдың 10-12 ақпан айында өткен Республикалық ғылыми жоба конкурсына қатысқан лицейіміздің 11 сынып оқушылары Мухаметжанова Аида І дәрежелі дипломмен, Майдан Айсұлтан мен Мақсұт Дамир ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, 9 сынып оқушысы Тузелбаева Алуа грамотаға ие болды. Жеңістер құтты болсын!
"Дарын" Республикалық орталығының "Тарих ата" 5-9 сыныптар арасында өткен республикалық қашықтық олимпиадасы
14
сәуір
2021
"Дарын" Республикалық орталығының "Тарих ата" 5-9 сыныптар арасында
Лицейдің 7 А сынып оқушысы Айту Алим және 7 Ә сынып оқушысы Козыбек Аружан "Дарын" Республикалық орталығының "Тарих ата" 5-9 сыныптар арасында өткен республикалық қашықтық олимпиадасының 1-ші кезеңінің 2-ші және 3-ші орын жеңімпаздары атанды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Атыгаев А.А. Құттықтаймыз!!!
"Jeyran" командасының ойыншылары
07
сәуір
2021
"Jeyran" командасының ойыншылары
Лицейдің 5 А сынып оқушысы Маулет Арыстан және 6 Б сынып оқушысы Сапарханов Альсеит Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен футболдан халықаралық турнирде жас ерекшеліктеріне байланысты Маулет Арыстан командасы 1 орын, Сапарханов Альсеит командасы 2 орын алды. Екі оқушымыз да "Jeyran" командасының ойыншылары. Жеңіс құтты болсын!
"Әл-Фараби-2021"  олимпиадасы
06
сәуір
2021
"Әл-Фараби-2021" олимпиадасы
Лицейдің 11 сынып оқушысы Мухаметжанова Аида географиядан Халықаралық "Әл-Фараби-2021" олимпиадасына қатысып 2-орын жүлдегері атанды. Оқушыларына саналы тәрбие, сапалы білім берген жетекшісі география пәнінің мұғалімі А.Т Естемесова. Құттықтаймыз!!!
"BIG BEN" ағылшын тілінен Халықаралық конкурсы
06
сәуір
2021
"BIG BEN" ағылшын тілінен Халықаралық конкурсы
"BIG BEN" ағылшын тілінен Халықаралық конкурсқа лицейдің 7 "Ә" сынып оқушысы Асхат Алдияр қатысып (1-орын), пән мұғалімі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.С. Санжиева, сондай-ақ 5 "Б" сынып оқушысы Әуезхан Әдемі және 8 " Б" сынып оқушысы Жақсыбайқызы Жанерке 1-орындарды иеленді, пән мұғалімі Ж.Н. Мырзагулова. Марапаттар құтты болсын!!! 👍👏👏👏
"ШАГ" кіші компьютерлік академиясының ұйымдастырған курсы
03
сәуір
2021
"ШАГ" кіші компьютерлік академиясының ұйымдастырған курсы
Лицейдің 9 А сынып оқушысы Рысаков Салават 18.10.2016-25.12.2020 аралығында "ШАГ" кіші компьютерлік академиясының ұйымдастырған курсына қатысып, курсты үздік аяқтағаны үшін дипломмен марапатталды.
"Елбасы медалі" жобасы
31
наурыз
2021
"Елбасы медалі" жобасы
Лицейдің 9 "А" сынып оқушысы Муханбеткалиев Дастан "Елбасы медалі" жобасына қатысып, әр бағыттары бойынша өз шығармашылығын, білімін жоғарыдан көрсетті. 2021 жылдың 31 наурызында Алматы қаласының "Дарын" орталығында салтанатты түрде марапатталған Дастанды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
"Елбасы медалі" жобасы
31
наурыз
2021
"Елбасы медалі" жобасы
Лицейдің 9 "Б" сынып оқушысы Нүсіпбеков Әділет 2020 жылдың тамыз айынан бастап "Елбасы медалі" жобасына қатысып, әр бағыттары бойынша өз шығармашылығын, білімін жоғарыдан көрсетті. 2021 жылдың 31 наурызында Алматы қаласының "Дарын" орталығында салтанатты түрде марапаттау сәті өткізілді. Нүсіпбеков Әділет күміс медальдің иегері атанып, лицей даңқын асқақтатты. Құттықтаймыз!!!