20-қараша Дүниежүзілік балалар күні!
20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні 🔹 Биыл Қазақстан БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялаудың 30 жылдығын атап өтуде. 30 жыл ішінде еліміз балаларды қорғау мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде үлкен жолдан өтті. 🔺 2006 жылы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. 2016 жылы Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институты енгізілді. Әр аймақта бала өкілдіктері институты құрылды, олардың құрамы жыл сайын мектеп белсенділерінен жасақталады.