Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 14.01.2025
Ашық есік күні
14
қаңтар
2025
Ашық есік күні
27 қараша күні 5-сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні ұйымдастырылып, ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, балаларының оқу үлгерімі мен тәртібі туралы ақпарат алды. Бұл шара ата-аналарға балаларының мектептегі жетістіктері мен қиындықтары туралы жан-жақты мәлімет алуға, мұғалімдермен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Осындай кездесулер оқу процесінің тиімділігін арттырып, оқушының дамуына ата-ана мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты нығайтады
“Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбы аясында жиналыс өтті.
14
қаңтар
2025
“Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбы аясында жиналыс өтті.
27 қараша күні 5-8 сынып ата-аналарына арналған “Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбы аясында жиналыс өтті. Жиналыстың басты мақсаты – ата-аналарды балалардың тұлғалық дамуына әсер ететін тәрбиенің тиімді тәсілдерімен таныстыру, олардың оқу-тәрбие процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету болды. Жиналыс барысында ата-аналарға балалармен қарым-қатынас жасаудағы заманауи әдістер ұсынылып, балаға ақыл айту арқылы емес, дұрыс жол көрсетіп, үлгі болудың маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар, педагогтар
«Қыс мезгіліндегі балалар қауіпсіздігі/ Балалар қауіпсіздігі» ата-аналар жиналысы
14
қаңтар
2025
«Қыс мезгіліндегі балалар қауіпсіздігі/ Балалар қауіпсіздігі»
25 желтоқсанда жалпықалалық  ата-аналар мен педагогтер үшін «Қыс мезгіліндегі балалар қауіпсіздігі/ Балалар қауіпсіздігі» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен онлайн жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – қысқы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сақталуы қажет қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандыру және балалармен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу.
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей
14
қаңтар
2025
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей
Мекеменің толық атауы: Алматы қаласы Білім басқармасының «Сұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі -Алматы қаласы, Алмалы ауданында орналасқан Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей 1933 жылы құрылған; -2009 жылға дейін орыс мектебі болған. ҚР Үкіметінің 03.10.2003 ж. №1021 қаулысы бойынша мектеп С.А.Ходжиков есімі берілген; -2009 жылы Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 қазақ тілінде білім беретін физика-математикалық лицейі
Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы лицей музейі
14
қаңтар
2025
Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы лицей музейі
Сұлтан-Ахмет Қожықов атындағы музей 2018 жылы Сұлтан-Ахмет Қожықовтың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Музейдің ашылуына Сұлтан-Ахмет Қожықовтың көзін көрген елге танымал актерлардың, ақындар мен әншілердің қатысуымен республика көлемінде аталып өтілді. Музейді жасақтауға қолдау білдірген Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм акционерлік қоғамының кинорежиссері-Ұлжан Қолдауқызы. Музейде «Қыз Жібек» фильмін түсіруде қолданған костьюмдер, әшекей бұйымдар, фотоаппараттар және фильм түсіру
Лицейімізде әр күні таңертең Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні қойылады.
14
қаңтар
2025
Лицейімізде әр күні таңертең Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Лицейімізде әр күні таңертең Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні қойылады. Бұл дәстүр оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, туған елге деген сүйіспеншілігін арттырады. Гимн орындалған сәтте әрбір оқушы Отан алдындағы борышын сезініп, ел бірлігі мен тәуелсіздігінің қадірін ұғынады. Мұндай дәстүр бізді ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.