Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 18.09.2025
Қазақстан кәсіподақ қозғалысының ұйымдастыруымен   мұғалімдер арасында өткен спорттық жарыста лицей мұғалімдері жүлделі орынға ие болды
18
қыркүйек
2025
Қазақстан кәсіподақ қозғалысының ұйымдастыруымен мұғалімдер
Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына орай Алмалы ауданында мұғалімдер арасында өткен спорттық жарыста С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей ұстаздары жүлделі орындарға ие болды. 🏆✨ ♟ Бикешов Қанат – шахматтан ІІ орын 🎯 Эрнстова Роза – бес асықтан І орын 🎯 Алимжанова Айнагүл – бес асықтан ІІ орын 🧮 Айнабекова Гульсум – тоғызқұмалақтан ІІІ орын Ұжымымыздың намысын абыроймен қорғаған әріптестерімізді құттықтаймыз! 👏 Олардың жетістіктері – лицейіміздің мақтанышы
Маршалхан Нұртілек джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды
18
қыркүйек
2025
Маршалхан Нұртілек джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 11 «В» сынып оқушысы Маршалхан Нұртілек джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды! 🏆🇰🇿 Бұл жеңіс – тек оқушымыздың ғана емес, лицейіміздің абыройын асқақтатқан зор жетістік. Еңбегі мен табандылығының арқасында қол жеткізген бұл биік белес – көптеген жас спортшыларға үлгі болары анық. 💪✨ Нұртілекке алдағы уақытта да талмай еңбектеніп, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз! 
«ВПЧ-қа қарсы ұлттық диктант» ұйымдастырылды.
18
қыркүйек
2025
«ВПЧ-қа қарсы ұлттық диктант» ұйымдастырылды.
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылар арасында «ВПЧ-қа қарсы ұлттық диктант» ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – жасөспірімдердің бойында денсаулық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтына баулу және алдын алу шараларының маңыздылығын түсіндіру. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетіп, денсаулықтың ең басты байлық екендігін тағы бір мәрте ұғынды
"Адал азамат": отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген президент жанындағы отырысы
18
қыркүйек
2025
"Адал азамат": отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған
"Адал азамат": отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген президент жанындағы отырысында 2025-2026 оқу жылына дайындығы мен 2024-2025 оқу жылына қорытындысы өтті. "Адал азамат" бағдарламасын іске асыру үшін арнайы мамандар курстан өтіп, ата-ана комитетінің жұмысы трансформацияланды. Мақсаты: мектеп-бала-орта құрылымын ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары арқылы бағыт бағдар беріп қоғамға өзіндік үлесін қостыру. Сонымен қатар бағдарламаның 6
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы
18
қыркүйек
2025
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептерін» ұсынамыз. Біз мұнда қазіргі таңда аталмыш жобаны басқартып отырған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының қатысушылары жайлы айтамыз. 🙋🏻‍♀ Солардың бірі – Сәуле Ескендір. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының қатысушысы бүгінде «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында салынған елордадағы №113 жалпы орта білім беретін мектептің директоры. 🧑🏻‍🏫 Аталған білім ордасында 3800-ден
“Көмек” бағдарламасы аясындағы тәрбие сағаты
18
қыркүйек
2025
“Көмек” бағдарламасы аясындағы тәрбие сағаты
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың мейірімділік, қамқорлық және ізгілік қасиеттерін дамыту мақсатында “Көмек” бағдарламасы бойынша тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне қолдау көрсетудің, айналаға жанашыр болудың маңызы жайлы ой бөлісіп, өмірлік мысалдармен бөлісті. Мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақты адамгершілікке баулып, қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. 
"ДосболLike" тәрбие сағаты
18
қыркүйек
2025
"ДосболLike" тәрбие сағаты
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылар арасында достықты, бірлікті және сыйластықты дәріптеу мақсатында "ДосболLike" тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар шынайы достықтың мән-маңызы жайлы ой бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетудің, мейірім мен қамқорлық танытудың адам өміріндегі рөліне тоқталды. Мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың бойында ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, нағыз дос болуға тәрбиелейді
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУ ДИКТАНТЫ
18
қыркүйек
2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУ ДИКТАНТЫ
15 қыркүйек 2025 ж С.А.Ходжиков атындағы Nº39 мамандандырылған лицейде Республикалық сайлау диктанты Қазакстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-11 сыныптарда өткізілді Республикалық сайлау диктантының мақсаты - жас және болашақ сайлаушылардың сайлау мәдениеті мен хабардарлығын арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциясының маңыздылығын және демократиялық қоғамда сайлаудың рөлін бағалау. 
"Абайлаңыз, балалар!"
18
қыркүйек
2025
"Абайлаңыз, балалар!"
Балалар – біздің болашағымыз, ал олардың амандығы – басты құндылығымыз. С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Абайлаңыз, балалар!" атты жоба ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – жолда жүру ережелерін сақтау, тәртіпке баулу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Балаларымыздың әр қадамына қамқор болайық