21
сәуір
2026
Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің тірегі

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің тірегі
Бүгін Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы лицейінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың ана тіліне деген құрметін қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік тіл» тақырыбында тағылымды іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ тілінің маңызы, оның ұлт болашағындағы орны туралы ой бөлісіп, түрлі танымдық тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар арқылы өз білімдерін көрсетті. Тілге деген сүйіспеншілік пен құрметті дәріптеген бұл шара өте мазмұнды әрі әсерлі өтті.
Мемлекеттік тіл – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық бірегейлігіміздің негізі. Осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметі артып, тіл мәртебесі биіктей түседі деп сенеміз.