21
сәуір
2025
Оқушыларға “Ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



Оқушыларға “Ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында экстремизм мен терроризм ұғымдарының мәні, олардың қоғамға тигізетін кері әсері жайлы айтылып, ғаламтор мен әлеуметтік желілерде таралатын жалған діни ағымдардың белгілері түсіндірілді. Оқушыларға экстремистік мазмұндағы ақпараттардан сақ болу, күмән тудыратын топтар мен парақшаларға жазылмау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру мақсатында бейнероликтер көрсетіліп, ашық сұхбат ұйымдастырылды. Шара соңында оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.