22
желтоқсан
2025
«Адал азамат» – ұлт болашағының берік негізі

«Адал азамат» – ұлт болашағының берік негізі
Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде
оқушылардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік және азаматтық ұстаным қалыптастыру мақсатында «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында адал азаматтың қоғамдағы рөлі, заң мен тәртіпке құрмет, еңбекқорлық пен шыншылдықтың маңызы кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өмірлік мысалдар арқылы адалдықтың адам өміріндегі құндылығын талқылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты саналы, отансүйгіш, әділ әрі жауапты азамат ретінде тәрбиелеу. Осындай мазмұнды тәрбие сағаттары оқушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, тұлғалық дамуына оң ықпал етеді.
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей ұжымы алдағы уақытта да өскелең ұрпақты адалдыққа, парасаттылыққа және елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.