Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік – ел тірегі, еркіндік – ең асыл құндылық
22
желтоқсан
2025

Тәуелсіздік – ел тірегі, еркіндік – ең асыл құндылық






15 желтоқсан күні С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мазмұны терең, тағылымы мол, өте керемет мерекелік кеш өтті.

Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздіктің тарихы мен маңызын айқындайтын әсерлі сахналық көріністер ұсынып, патриоттық әндер мен жүрекке жететін өлеңдер орындады. Кештің әрбір сәті елге, жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыра түсті.

Мерекелік кеш оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, бірлік пен елдік рухты сіңіруге зор үлес қосты.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! 🇰🇿