Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республика күніне арналған мереке!
30
қазан
2025

Республика күніне арналған мереке!


 Республика күніне арналған мереке! 🇰🇿

Бүгін С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде Республика күніне орай рухы биік, мазмұны мәнді шара өтті.
Лицей оқушылары ұстаздарын домбыраның қоңыр үнімен қарсы алып, жүрекжарды тілектерін білдіріп, ұлттық рухта құттықтады. 🎶

Іс-шара барысында барша ұжым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, Отанға деген сүйіспеншілік пен ел бірлігінің биік үлгісін көрсетті. 💙

🇰🇿 Республика күні – Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айрықша мереке. Бұл күн – мемлекетіміздің берік тұғыры мен елдік рухтың жарқын көрінісі!