29
қазан
2025
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде оқушыларға халқымыздың тәуелсіздікке жету жолын ұлықтайтын мазмұнды тәрбие сағаты өткізілді.

25 Қазан – Республика күні
🇰🇿 С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде оқушыларға халқымыздың тәуелсіздікке жету жолын ұлықтайтын мазмұнды тәрбие сағаты өткізілді.
Бұл іс-шарада:
✅ Қазақстан Республикасының құрылу тарихы айтылды
✅ Оқушылар Отан, бірлік және елдік құндылықтар туралы ой бөлісті
✅ Патриоттық әндер, өлеңдер мен көріністер ұсынылды
Мақсаты – жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті нығайту.
Республика – біздің ортақ құндылығымыз!
Болашағымыз жарқын, еліміз аман болсын! 🇰🇿