Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейде буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша профилактикалық сұхбат өтті.
22
желтоқсан
2025

Лицейде буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша профилактикалық сұхбат өтті.



2025 жылғы 15 желтоқсанда мамандандырылған лицейдің мәжіліс залында 5-6-7 сынып оқушыларымен буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында профилактикалық сұхбат жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді. Буллинг және кибербуллинг тақырыбына ерекше назар аударылды: мектеп оқушыларына «буллинг» ұғымының мағынасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, буллингті тұрмыстық жанжалдардан ажырату жолдары, оның түрлері мен белгілері қарастырылды.

Сонымен қатар, құқыққа қайшы мінез-құлықтың құқықтық салдары мен заңнамада қарастырылған жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Буллингтің балалардың психикалық және эмоционалдық жағдайына тигізетін әсері бөлек талқыланды. Өткізілген сұхбат оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мектеп ортасында жеке қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды, өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Мұндай кездесулер мектебімізді достық пен өзара құрмет мекеніне айналдыруға көмектесетініне сенеміз!