22
желтоқсан
2025
Лицейіміздің жылдық тәрбие жоспарына сәйкес, білім алушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда

Лицейіміздің жылдық тәрбие жоспарына сәйкес, білім алушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтқанда, 9-сынып оқушыларына мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында Алматы көпсалалы колледжінің оқытушыларымен Нархоз колледжінің студенттерімен кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға аталған оқу орындарындағы мамандықтар, оқу процесі және қабылдау шарттары туралы кеңінен ақпарат берілді.Сонымен қатар, 11-сынып түлектерімен «Мамандықтар әлемі» тақырыбы аясында арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта кәсіби бағдар беруші мамандар мен ALT университетінің өкілдері оқушыларға жоғары оқу орнында даярланатын мамандықтар бойынша бағыт-бағдар ұсынды.
Мектеп қабырғасындағы үгіт-насихат жұмыстары оқу жылы бойы жалғасады. Алдағы уақытта түлектердің таңдау аясын кеңейту мақсатында еліміздің басқа да жетекші жоғары оқу орындарымен кездесулер өткізу жоспарлануда.