Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар назарына!
17
қараша
2025

Ата-аналар назарына!







Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Мамандық таңдау – әр жасөспірімнің өміріндегі ең маңызды әрі жауапты кезеңдердің бірі. Осы жолда сіздерге қолдау көрсету үшін мектебімізде арнайы педагог-кәсіптік бағдар беруші маман жұмыс істейді.
Кәсіптік бағдар берудің басты мақсаты– әр оқушыны өзінің жеке мүдделеріне, қабілеттеріне және еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес саналы әрі дербес мамандық таңдауға дайындау. Бұл істе сіздерге педагог-кәсіби бағдар беруші гугл сайт арқылы дайындаған арнайы ArmanUp платформасы көмекке келеді. Сайтта мамандықтар туралы толық ақпарат алып, бағытыңызды анықтайтын тесттерден өте аласыз.
Қазіргі уақытта маман оқушылармен жоспарлы жұмысты бастап кетті. Біріншіден, кәсіптік диагностика жүргізілуде. Бұл – әр оқушының жеке бейімділігін, қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтайтын арнайы тестілеулер. Екіншіден, кәсіптік ағарту сағаттары өтуде. Мұнда оқушыларға қазіргі еңбек нарығында қандай мамандықтарға сұраныс жоғары екені және оқу орындары туралы маңызды ақпарат беріледі. Бұл екі жұмыс оқушының өз таңдауына ғылыми негізделген тұжырым жасауына көмектеседі.
Алдағы уақытта бұл жұмыстар тәжірибелік іс-шаралармен жалғасады. Жоспарда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына (ЖОО) арнайы экскурсиялар ұйымдастыру , ЖОО тарапынан ұйымдастырылатын "Ашық есік күндеріне" және білім жәрмеңкелеріне қатысу бар. Сонымен қатар, оқушыларымызға көбірек мүмкіндік ашу үшін университеттермен ресми серіктестік (меморандумдар) орнату жұмыстары жүруде. Бұл - ортақ жұмыс. Балаңыздың болашағына бірге бағыт берейік!

Сілтеме(Сайт мекенжайы): https://sites.google.com/view/profi39/%D0%BE%D2%9B%D1%83%D1%88%D1%8B