24
қараша
2025
«Мамандық таңдау – болашаққа бағыт» атты тәрбие сағаты өткізілді.

С.А. Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейінде
«Мамандық таңдау – болашаққа бағыт» атты тәрбие сағаты өткізілді.
🔹 Сабақтың мақсаты – оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру, өз қабілеті мен қызығушылығына сай дұрыс бағыт таңдауға көмек көрсету.
🔸 Тәрбие сағатында оқушылар:
– қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен;
– әр мамандықтың ерекшелігі мен жауапкершілігімен;
– жеке қабілетті анықтау жолдарымен;
– болашақ жоспар құрудың маңызымен
танысты.
🔹 Оқушылар өз ойларын ортаға салып, армандаған мамандықтары туралы айтып, кәсіби бағдар бойынша пайдалы кеңестер алды.
🎯 Лицейде оқушылардың болашаққа сенімді қадам жасауына қолдау көрсету – басты міндеттердің бірі.
Дұрыс таңдалған мамандық – жарқын болашақтың кепілі!