Іс-шаралар » Страница 8 » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 8
“Кәделі табақ” тақырыбындағы сыныптан тыс жұмысы
17
ақпан
2022
“Кәделі табақ” тақырыбындағы сыныптан тыс жұмысы
Бүгін, яғни 16.02.2022 күні Жаратылыстану-ғылыми пәндер мұғалімдер кафедрасының “Кәделі табақ” тақырыбындағы сыныптан тыс жұмысы өткізілді. Іс-шараға 8 “В” оқушылары атсалысты. Жауапты: биология пәні мұғалімдері Амзеев Р.Е. және Мақсот А.Б.  Оқушыларға атадан қалған дәстүрді ұмыттырмау мақсатында "Кәделі табақ", яғни табақ тарту ережелері туралы айтып өтілді. Барлық сынып оқушылары келіп, жіліктермен танысып өз қызығушылықтарын танытты!
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
16
ақпан
2022
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
🏫 С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде ақпанның 15-і күні “Ауғанның от-жалыны мәңгі жадымызда 1979-1989 жж." тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.  📚9 "Ә" және 6 "А" сыныптарының ұйымдастыруымен кеш қонағы ретінде  мектебіміздің ата-анасы Акпанбаев Еркин Жумасилович шақырылды. Кеш барысында ардагер мен оқушылар арасында сырлы сұхбат болып, әрі қарай  оқушылардың дайындығымен мерекелік  іс-шара жалғасын тапты.
“Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубына қабылдау салтанатты рәсімі
11
ақпан
2022
“Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубына қабылдау салтанатты рәсімі
Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік қалыптастыру. Досқа адалдық - рухқа адалдық!!!  Осы орайда лицейімізде “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубына қабылдау салтанатты рәсімі өтті! Клубка лицейден 20 оқушы қабылданды, алдағы уақытта бұл оқушыларымыз адалдықтың үлгісі болады деп нақ сенеміз!
«Жетістік – арманға жетелейді» атты дарынды балалармен кездесу кеші
05
ақпан
2022
«Жетістік – арманға жетелейді» атты дарынды балалармен кездесу кеші
«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндік декадасы аясында «Жетістік – арманға жетелейді» атты дарынды балалармен кездесу кеші өткізілді.        Кеш қонақтары,  лицейіміздің әр түрлі олимпиадалар  жеңімпаздары қатысты:  1.    5 «А» сынып оқушысы Руслан Абзал 2.    5 «В» сынып оқушысы Орынбасаров Алихан 3.    6 «А» сынып оқушысы Төрехан Дамир 4.    10 «А» сынып оқушысы Муханбеткалиев Дастан 5.    10 «Г» сынып оқушысы Даниял Темірлан 6.    11 «А» сынып оқушысы Окенов
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылуы
01
ақпан
2022
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты
Бүгін 1-ақпан күні лицейімізде Өзін-өзі тану пәнінің 1-11 аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылуы болды.  Оқушылар өзін-өзі тану пәнінің авторы, Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбек жолы туралы ақпарат ала отырып,  өздерінің өмірінде бұл пәннің алар орны, нағыз адам болып қалыптасу үшін бойларына жалпы адамзаттық 5 құндылықтың, одан шығатын қасиеттердің  маңызы зор екенін   айтты.  «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы
“Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік” пен “Менің  өмірімдегі үздік адамдар”  тақырыбында тәрбие сағаттары
26
қаңтар
2022
“Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік” пен “Менің өмірімдегі үздік адамдар”
Бүгін  “Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік” пен “Менің  өмірімдегі үздік адамдар”  тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Сынып жетекшілер оқушыларға мұз үстінде қауіпсіздіктің алдын-алу мақсатында ескертпелерін қысқаша бейнежазба ретінде көрсетіп, балалардың өміріндегі үздік адамдары жайлы ой қозғады.
"Алматының жыл мұғалімі - 2021" байқауының бас жүлде иегерімен кездесу
21
желтоқсан
2021
"Алматының жыл мұғалімі - 2021" байқауының бас жүлде иегерімен кездесу
Бүгін "Алматының жыл мұғалімі - 2021" байқауының бас жүлде иегері, лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманов Нуржігіт Бердібекұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Нұржігіт ағай балалық шағын, ұстаздық ету жолына келуі жайлы айтты. Абай Құнанбайұлы айтқан "толық адам" бейнесін толық ашып айтты. Өзгені сыйлау үшін алдымен өзіңді сыйлаудан бастау керегін түсіндірді. Осындай кешті ұйымдастырған Құдайберген Ағайдарұлына және Әсем Қанатқызына алғысымызды білдіреміз! 
«Ыбырай Алтынсарин-ұлт ұстазы. 180 жылдық мерейтой» интеллектуалдық ойыны
11
желтоқсан
2021
«Ыбырай Алтынсарин-ұлт ұстазы. 180 жылдық мерейтой» интеллектуалдық
«Ыбырай Алтынсарин – ұлт ұстазы. 180 жылдық мерейтой» интеллектуалдық ойыны Халықтың келешегі үшін мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы мен халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік ізгі істердің ең ірі өкілдерінің бірі, ұлтымыздың ұлықты ұстазы – Ыбырай Алтынсарин.  Қазіргі таңда еліміздің жастары білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт танымды азамат болуына, өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жаңғыруына себепші ұлт
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  қатарына лицей оқушыларын қабылдау рәсімі
10
желтоқсан
2021
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына лицей
Бүгін, желтоқсанның 7-сі күні салауатты өмір салтын ұстанатын, өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  қатарына лицей оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды өткіздік. Биылғы жылы Тәуелсіздіктің, бейбітшілдік пен
"Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері" кафедрасының онкүндік салтанатты ашылуы
03
желтоқсан
2021
"Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері" кафедрасының онкүндік
02.12.2021 ж. Лицейдің акт залында "Мәңгілік - мәртебелі тіл" тақырыбында  "Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері" кафедрасының онкүндік салтанатты ашылуы  6 "А" сыныппен Косалбаева С.М. жетекшілігімен ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар өздерінің көркем өлең оқу, ән-би, т.б. өнерлері арқылы онкүндік тақырыбының мәнін, маңыздылығын аша білді.