Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына лицей оқушыларын қабылдау рәсімі
10
желтоқсан
2021

Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына лицей оқушыларын қабылдау рәсімі

Бүгін, желтоқсанның 7-сі күні салауатты өмір салтын ұстанатын, өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  қатарына лицей оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды өткіздік.
Биылғы жылы Тәуелсіздіктің, бейбітшілдік пен жасампаздықтың 30 жылдығында 5 сыныптар арасындағы «Ең үздік» деген 30 баланы қатарымызға қостық! 
«Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларымызға галстук тағу рәсімі бүгінгі салтанатты жиын қонақтары:
1. Лицей директоры Маликова Найла Токтамуратовна;
2. Лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Кокебаева А.К. мен Досымбекова М.К.; 
3. Лицей директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасарлары Сұлтанқұлов А.М. және Жусупова Р.Б.;
4. Лицейіміздің ардақты және ардагер ұстазы Сарымбетова Куляхан Кайсаевна апайымыз қатысты. Барлық мұғалімдер ізгі тілектерін білдіріп, жаңа «Жас Ұлан» ұйымына қосылған оқушыларға сәттілік тіледі!