"Тәуелсіздік жетістіктері" тәрбие сағаты » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздік жетістіктері" тәрбие сағаты
01
қыркүйек
2021

"Тәуелсіздік жетістіктері" тәрбие сағаты

       Бүгінгі "1 қыркүйек - Білім күні" 5-сыныптар үшін ерекше болды! Білімге құштар бүлдіршіндерді мұғалімдер қуана қарсы алып, мерекемен құттықтады. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай әр сыныпта Қазақстан   Республикасының 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбы аясында сынып сағаты өтті.  Сынып жетекшілері лицейдің ережесімен таныстырып, сақтандыру шаралары бойынша санитарлық нормаларын хабардар етті. 11 сынып белсенділері лицей табалдырығын аттаған оқушыларға өз тілектерін білдіріп, лицей тарихымен таныстырды. Сабақ соңында әр оқушыға С.А. Ходжиковтың арнайы төсбелгісін тақты. Әр сыныпты 4 топқа бөліп, арақашықтықты сақтай отыра, мектепішілік саяхат жүргізді.