«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылуы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылуы
01
ақпан
2022

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылуы

Бүгін 1-ақпан күні лицейімізде Өзін-өзі тану пәнінің 1-11 аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылуы болды.  Оқушылар өзін-өзі тану пәнінің авторы, Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбек жолы туралы ақпарат ала отырып,  өздерінің өмірінде бұл пәннің алар орны, нағыз адам болып қалыптасу үшін бойларына жалпы адамзаттық 5 құндылықтың, одан шығатын қасиеттердің  маңызы зор екенін   айтты. 
«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы салтанатты түрде ұйымдастырылып,  оқушылар 5 құндылықтың мәнін ашатын өлең –тақпақтарын айтты, ән  айтып, би биледі, хор айтылды. Өзін-өзі тану пән мұғалімдері онкүндік аясында өтетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды. 
Лицей фойесіне онкүндік декадаға арналған  баннер ілінді,  сонымен қатар  «Өмірдің мәні неде?» деген сұрақ жолданды. Бұл сұраққа апта бойы мұғалімдер, лицей ұжымының кез келген қызметкері жауаптарын стикерге жапсырады.  Пән мұғалімдері Муханбеталиева Н.Е., Магзумова Н.К., Мусабаева А.А., Сатыбалды С. Ұйымдастыруымен апталық аясында  ашық сабақтар, қызықты ойындар мен акция, кездесу кеші, челлендж  сияқты іс-шаралар онкүндік жоспар аясында жалғасын табады. Барлық лицей оқушыларын белсенді ат салысуға шақырамыз!