Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қаңтар 2026 года » Страница 2
Кибербуллингтің түрлері, оның психологиялық салдары және одан қорғану жолдары кеңінен түсіндірілдіі
26
қаңтар
2026
Кибербуллингтің түрлері, оның психологиялық салдары және одан қорғану
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейде кибербуллингтің алдын алу және оқушылардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру мақсатында маңызды іс-шара өтті. Лицей психологтары Магзумова Н.К. және Кажым А. ұйымдастырған бұл кездесуде оқушыларға кибербуллингтің түрлері, оның психологиялық салдары және одан қорғану жолдары кеңінен түсіндірілді. Іс-шара барысында ашық пікір алмасу жүргізіліп, нақты өмірлік мысалдар арқылы оқушылардың саналы әрі жауапты онлайн мінез-құлқын қалыптастыруға
«Study First» компаниясымен және Xiamen University  түлегі Нұрқуатпен кездесулер өтті
26
қаңтар
2026
«Study First» компаниясымен және Xiamen University түлегі Нұрқуатпен
Кәсіби бағдар беру аясында 10-11 сынып оқушыларымен «Study First» компаниясымен және Xiamen University Malaysia түлегі Нұрқуатпен кездесулер өтті. Шара барысында оқушыларға мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар беріліп, Foundation және Undergraduate бағдарламаларының ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесулер түлектердің шетелдік білім беру мүмкіндіктері мен заманауи мамандықтар туралы танымын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жеке қауіпсіздік – әр азаматтың басты жауапкершілігі
26
қаңтар
2026
Жеке қауіпсіздік – әр азаматтың басты жауапкершілігі
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері, жолда жүру тәртібі, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, төтенше жағдай кезінде өзін дұрыс ұстау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, өз қауіпсіздігіне
«Адал азамат» – ұлт болашағының негізі
26
қаңтар
2026
«Адал азамат» – ұлт болашағының негізі
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды сіңіру мақсатында «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында адал еңбектің маңызы, заңға құрмет, қоғам алдындағы жауапкершілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, адал азамат қандай болу керек деген сұрақ төңірегінде пікір алмасты. Іс-шараның басты
Бірге – таза орта, бірге – жарқын болашақ!
26
қаңтар
2026
Бірге – таза орта, бірге – жарқын болашақ!
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің лицей парламенті мектеп ауласындағы қар күреу жұмыстарына өз еріктерімен белсенді түрде атсалысты. Оқушылар ортақ іске жауапкершілікпен қарап, бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар жастардың еңбекке баулуын, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауын қалыптастырады. Аталған іс-шараны ұйымдастырған лицейдің аға тәлімгері Акимов Самат Макарұлына және
Ашық сабақтар айлығы
26
қаңтар
2026
Ашық сабақтар айлығы
6 “Б” сыныбымен қазақ тілі пәнінен “Қазақстандағы көлдер. Болымсыз есімдігі”тақырыбында өткізілген ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Пән мұғалімі, Анар Ақанқызы, сабақтың мазмұнын толық ашып, мақсаттың нақты әрі жүйелі орындалғанын көрсете білді. Сабақ барысында қолданылған әртүрлі әдіс-тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына ықпал етті. Мұғалімнің шебер ұйымдастыруы мен кері байланысты тиімді қолдануы сабақ мақсатының толық жүзеге асуына мүмкіндік берді.
Ашық сабақтар айлағы
26
қаңтар
2026
Ашық сабақтар айлағы
Онкүндік аясында 21.01 күні Караева Нұрсәуле Болатханқызы қазақ тілі пәнінен өте ерекше ашық сабақ өтті. 7 «А» сынып оқушыларымен бірге қазіргі қоғамның өзекті мәселесі — «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбын талқылады. Сабақ барысында жауапкершілік, бірлік және цифрлық мәдениет секілді құндылықтар назардан тыс қалмаған. Ең алдымен «Жүректі тазарту» психологиялық ахуалымен басталып, оқушылардың жағымсыз көңіл-күйден арылып, сабаққа зейін қоюына жағдай жасалды. Wordwall платформасы
Ашық сабақтар айлығы
26
қаңтар
2026
Ашық сабақтар айлығы
20.01 күні 9 «В» сыныбымен Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Искакова Шынар Кенесбековна ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын түсіндіру, оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, өз пікірін дәлелді түрде айтуға дағдыландыру. Оқушылар тарихи деректерге сүйене отырып талдап, ел тәуелсіздігі жолындағы ерліктің мәнін сезіне білді. Сабақ жүйелі, жинақы, сабақ құрылымына сай реттілікпен
Ашық сабақтар айлығы
26
қаңтар
2026
Ашық сабақтар айлығы
“Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы” онкүндігі аясында жоспарланған ашық сабақтар аясында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүнісова Алма Шакардинқызы 20.01.2026ж. 6 “Б” сыныбымен “Таулардан өзен ағар сарқыраған. Белгісіздік есімдігі” тақырыбында танымдық ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар грамматикалық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, ой-тұжырымдарын еркін жеткізе алатынын аңғартты. Сабақ мақсатына сәйкес жеке, жұптық,топтық тапсырмалар түрлі әдіс-тәсілдер арқылы