«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам»
«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей қабырғасында 9-сынып оқушылары арасында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар өздерінің тың идеяларын ұсынып, шығармашылық қабілеттері мен логикалық ойлау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Әр жоба – болашаққа жасалған нық қадам, жаңашылдыққа деген талпыныстың айқын дәлелі болды. Байқау өте тартысты өтіп, қатысушылар арасындағы бәсекелестік ерекше сезілді.