Лицейде «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейде «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық және қоғамға қызмет ету сияқты маңызды адамгершілік құндылықтар кеңінен түсіндірілді. «Адал азамат» ұғымының мәні ашылып, әрбір жас ұрпақтың ел болашағы үшін адал еңбек етіп, заңды құрметтеп, дұрыс таңдау жасай білуі — басты міндет екені айтылды. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, өмірлік мысалдар арқылы адал