Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің тірегі
Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің тірегі Бүгін Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы лицейінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың ана тіліне деген құрметін қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік тіл» тақырыбында тағылымды іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар қазақ тілінің маңызы, оның ұлт болашағындағы орны туралы ой бөлісіп, түрлі танымдық тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар арқылы өз білімдерін көрсетті. Тілге деген сүйіспеншілік пен құрметті дәріптеген бұл шара өте мазмұнды