Бүгін Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде
Бүгін Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қоғам алдында жауапты тұлға болуға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар адал еңбектің маңыздылығы, дұрыс таңдау жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы ой бөлісіп, түрлі пікірталастар мен танымдық тапсырмаларға белсене қатысты.