Көмек – адамгершіліктің айнасы
Көмек – адамгершіліктің айнасы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Көмек» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар бір-біріне қолдау көрсету, қиын сәтте жанашыр болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту секілді адамгершілік құндылықтар туралы ой бөлісті. «Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді» деген ой кеңінен талқыланып, өмірлік жағдаяттар арқылы мысалдар келтірілді. Оқушылар көмектің тек материалдық емес, жылы сөз, шынайы қолдау,