Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 16
Лицей ұстазы XXIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның 1-орын жеңімпазы
24
желтоқсан
2024
Лицей ұстазы XXIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның
Лицейідің математика пән мұғалімі Молдаханова Г.Б. XXIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның “Актуальные научные исследования” тақырыбындағы “Физика-математика ғылымдары” секциясында 1-орын алып, жеңімпаз атанды! 🌟 🔬 Ғылыми жұмысының тақырыбы: “Вариационно-итерационные решения некоторых уравнений Риккати”. 📅 15 желтоқсан 2024 жылы, Ресей Федерациясы, Пенза қаласында бұл еңбек ғылыми ортада жоғары бағаланды. Құттықтаймыз
Лицей ұстазы жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
19
желтоқсан
2024
Лицей ұстазы жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының
Алматы қаласында жыл сайын өткізілетін 36 жасқа дейінгі және 36 жасқа толған мұғалімдерге арналған дәстүрге айналған “ALMATY USTAZY” байқауында сарапшылар құрамында атқарған еңбегі үшін қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Динабекова Алина Айбекқызы Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз
Лицей мұғалімдері “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының модераторы болды
19
желтоқсан
2024
Лицей мұғалімдері “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының модераторы
“Дарын” Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының республикалық кезеңінде модератор болған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы және география пәнінің мұғалімі Естемесова Айнұр Тургумбекқызы “Дарын” РҒПО-ның сертификатына ие болды. Құттықтаймыз!
Бүгін лицейімізде Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған әсерлі концерт өтті
13
желтоқсан
2024
Бүгін лицейімізде Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған әсерлі концерт
Бүгін лицейімізде Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған әсерлі концерт өтті. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар еліміздің тарихына шолу жасап, патриоттық әндер мен өлеңдер орындады. Концертте ұлттық би қойылымдары көрсетіліп, Тәуелсіздіктің маңыздылығы мен құндылығы туралы мазмұнды көріністер ұсынылды. Бұл мереке барша қатысушылардың жүрегіне мақтаныш пен патриотизм сезімін ұялатты.🇰🇿🇰🇿🇰🇿
«Жеке бас гигиенасы» тақырыбында жиналыс өтті
13
желтоқсан
2024
«Жеке бас гигиенасы» тақырыбында жиналыс өтті
12.12.2024ж күні 5-7 сынып қыздарына арналған «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында тазалық пен денсаулықты сақтау ережелері, гигиенаның күнделікті өмірдегі маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Жиналыс қыздардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарау әдетін қалыптастыруға бағытталды. Ұйымдастырушы: Оміртай Алтынгуль Оміртаевна врач педиатр ПМСП Алмалинского р-н
“Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
11
желтоқсан
2024
“Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым” тақырыбында тәрбие сағаттары
9 желтоқсан күні лицейімізде “Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары барысында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздік тарихы, елдің жетістіктері мен құндылықтары туралы ой бөлісіп, патриоттық рухта сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, “Мен өмірді сүйемін” тақырыбында шағын эссе жазып, өмірдің мәні мен сұлулығы, өз армандары мен болашаққа деген үміттері жайлы әсерлі ойларын жеткізді. Бұл іс-шара оқушылардың бойында отансүйгіштік пен өмірге деген
“Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті
11
желтоқсан
2024
“Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі
09.12.2024ж күні лицейімізде оқушыларды “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында оқушылар патриоттық рух пен ұйымның басты құндылықтарын ұстана отырып, Отанға адал болуға және білім мен белсенділікке ұмтылуға ант берді. Бұл қабылдау жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды
“Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбы аясында жиналыс
10
желтоқсан
2024
“Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбы аясында жиналыс
“Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбы аясында түрлі жиналыстар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты – қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған қарсы күрестің тиімді жолдарын талқылау және адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қауіпсіз әрі сыйластыққа негізделген орта қалыптастыру. Өткізушілер: полиция капитаны - Аяғанов.К.К, полиция аға лейтенанты - Тұратай.А.Б
«Абайлаңыз, қар көшкіні!» тақырыбындағы онлайн конференция
10
желтоқсан
2024
«Абайлаңыз, қар көшкіні!» тақырыбындағы онлайн конференция
Абайлаңыз, қар көшкіні!» тақырыбындағы онлайн конференцияға лицей оқушылары Zoom платформасы арқылы қатысып отыр. Семинардың мақсаты – оқушыларға қыс мезгіліндегі табиғи қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру, қар көшкінінің пайда болу себептері мен оның алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Ашық сабақтар айлығы
09
желтоқсан
2024
Ашық сабақтар айлығы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Динабекова Алина Айбековнаның 5 “а” сыныбымен өткізген ашық сабақ бейнеролигі. 🔹Ашық сабақ жоғары деңгейде өтілді. Заманауи әдістер, сандық технологиялар, оқушылардың қызығушылығын арттыратын функционалдық тапсырмалар ұсынылды. Мұғалім оқу мақсатына толық жетіп, оқушылар тамаша кері байланыс орнатты.