Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары
26
қаңтар
2022

Құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары

Лицейімізде Алмалы ауданы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің Алмалы ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция майоры, учаскелік  аға инспекторы  Малдыбаева Айганым Токтасыновна және  полиция капитаны Исабекова А.Р.  директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Жусупова Р.Б қатысуымен кәмелетке толмағандар мен оларға қатысты жасалынатын қылмыстардың алдын алу мақсатында, үнемі жедел профилактикалық іс-шаралар, баяндамалар оқылып, әңгімелер жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың ең маңызды себебі – олардың адамгершілік тәрбиесіндегі кемшіліктер. Кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктері осы контингентке психологиялық және әдістемелік тұрғыдан сауатты көзқарасты талап етеді. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы дер кезінде байқалған ауытқулар және дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық көмек құқық бұзушылық пен қылмысқа әкелетін жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқара алады.