21
мамыр
2022
💫ҮЗДІКТЕРДІҢ ҮЗДІГІН МАРАПАТТАУ💫
💫ҮЗДІКТЕРДІҢ ҮЗДІГІН МАРАПАТТАУ💫
🔰 Бүгін Балалар жылы аясында Білім және Ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Askhat Aimagambetov қатысуымен Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның қабырғасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
🏆 Алматы құрама командасы 88 жүлделі орын, атап айтқанда, 16 алтын, 27 күміс және 45 қола медальға ие болып, жалпы командалық есепте І орынды иеленіп, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2022» атағы берілді.
🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен және Алматы қаласы әкімінің атынан ақшалай сыйлық сертификаттармен марапатталды (1 орынға - 200, 2 орынға - 150, 3 орынға - 100 мың теңге).
📎 Марапаттау рәсімінен кейін, оқушылар министрге білім саласына қатысты өзекті сұрақтар қойып, жауабын алды.
💫 Құрметті оқушылар! Жеңістеріңіз құтты болсын! Егеменді елдің асқақ ұландары - Сіздерге әрдайым жеңіс тұғырынан көрінулеріңізді тілейміз!