Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде 1-орын » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде 1-орын
16
ақпан
2024

Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде 1-орын


Шахмат - ақыл-ойды дамытатын спорт түрі, бұл спорт түрі - біздің лицейде шахмат үйірмесі ретінде жұмыс істеп келеді. Осы үйірменің жетекшісі Бекешов Қанат Жиенбайұлы қаншама баланың қабілетін ашып, шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлғаны жетілдіруге жағдай жасап, шәкірттерін аудандық, қалалық, республикалық жарыстарға қатыстырып жеңімпаздарды тәрбиелеуде.
Бүгін де міне, оқушыларын Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңіне қатыстырып, “Ақбозат” шахмат спорт түрінен 5-6 сынып оқушылары Байбек Ернұр, Несіпбай Рахман, Жарас Алдияр, Бақыт Фатима - 1-орынның иегерлері атанып, Алмалы ауданының мәртебесін көтерді. Сондай-ақ, 39 лицейдің шахматшылар командасы жалпы командалық есепте 1 жүлделі орынды🏅иеленсе, Қанат ағайымыз жоғары дәрежеде спортшыларды дайындағаны үшін “Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының” СЕРТИФИКАТЫН иеленді!
Толағай табыстарымыз мол болсын, жеңімпаз оқушыларымыздың республикалық деңгейді бағындыруларына тілектеспіз