"Жер сілкінісі кезіндегі нақты 10 қадам" түсіндірме жұмысы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жер сілкінісі кезіндегі нақты 10 қадам" түсіндірме жұмысы
22
ақпан
2024

"Жер сілкінісі кезіндегі нақты 10 қадам" түсіндірме жұмысы

https://www.instagram.com/reel/C3WXkEho2mx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жоспарына сәйкес лицейіміздің барлық ұстаздарына және кіші қызметкерлерге "Жер сілкінісі кезіндегі нақты 10 қадам" ;
Өрт қауіпсіздігі ;
Антитерорлық операциялар кезінде қалай іс-әрекет ету атты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл жердегі басты мақсат - оқушылар мен мұғалімдердің жер сілкінісі кезінде, дейін және кейін дұрыс әрекетке дайындығын арттыру, эвакуациялық шараларға, өрт қауіпсіздігіне дағдыландыру. Алматы қаласы негізінде сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан мұндай жаттығулар және түсіндірме жұмыстары мемлекеттік мекемелер мен мектептерде ара-тұра өткізіліп тұрады. Бұл қауіп-қатерге дайын болуды, кез келген апатты жағдай туындағанда бірден іс-әрекетке көшуді үйретеді. Бүгінгі іс-шара барысында лицейіміздің Алғашқы әскери және технологиялық пәнінің мұғалімі, гвардия капитаны Балтабаев Е.Ж. жиналған көпшілік алдында Дабыл шабаданы туралы сөз қозғап, кез келген төтенше жағдайда іске асатын барлық заттың базалық жиынтығы болып табылатынын тілге тиек етті .Ол жерде киім-кешек, дәрі-дәрмек, құрал-сайман, азық-түлік секілді нәрселер түгел сиятын иыққа асатын сөмке болуы тиіс. Дорбадағы заттар су жаңа қалпында тұрады және күнделікті тірлікте қолданылмайды, тек төтенше жағдайларда ғана пайдаға жаратуға болады. Төтенше жағдайларға жер сілкінісі, сел, өрт тәрізді тілсіз жауларды жатқызамыз. Ондай жолдарба әр отбасында болуы міндетті. Бұл сейсмикалық жаттығудың мән-маңызы мен пайдасын түсіндіріп берді.