13
қараша
2024
“Өзін-өзі басқару ұйымының” жаңа мүшелерімен таныстыру және оларды марапаттау рәсімі өтті.
12 қараша 2024 жылы лицейде “Өзін-өзі басқару ұйымының” жаңа мүшелерімен таныстыру және оларды марапаттау рәсімі өтті. Шараның мақсаты — оқушыларды ұйымның жаңа құрамымен таныстыру, олардың міндеттері мен алдағы жоспарларын талқылау болды. Жаңа мүшелер өздерін таныстырып, алдағы уақытта оқушылардың мәселелерін шешуге және мектептегі түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысатындарын жеткізді. Атап өтетін болсақ, лицей президенті- Сәпін Ернар, вице-президенттері- Сейітқазы Гауһар мен Парух Айяна. Бұл таныстыру рәсімі мектептегі өзін-өзі басқару жүйесінің белсенділігін арттыруға және оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді деп күтілуде. Жаңа мүшелердің сайлануы — лицей өміріне жаңа серпін беріп, оқушылардың мектептің қоғамдық жұмыстарына қатысу деңгейін жоғарылатады.