18
желтоқсан
2024
Әлем аренасындағы Қазақстан мақтанышы!



Әлем аренасындағы Қазақстан мақтанышы!
2024 жылдың 14-15 желтоқсанында Үндістан елінің Нью-Дели қаласында 30 елден 6000 қатысушы бас қосып, чемпиондарымыз Қазақстанның атын әлемге асқақтатты.
Жас дарындар UCMAS International Competition 2024 аясындағы Visual Competition байқауында өз санаттары бойынша алтын кубоктарды World Cup командалық жарыста қола кубокты жеңіп алды.
Қатысушылар өз жеңістерін мақтанышпен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнады.
Лицейіміздің батыры:
• Жұмаш Дәурен
Ментальды арифметикадан Қазақстанның гранд-чемпионы. Balafest фестивалінде алматылық балалардың Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуіне қатысушы. Оқу үздігі, футболдан қалалық, республикалық, халықаралық турнирлердің жеңімпазы