09
қаңтар
2025
Лицей оқушылары қысқы демалыс уақытын тиімді өткізді

Лицей оқушылары қысқы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында қаламыздағы музейлерге барып, тарихи-мәдени мұралармен танысуда. Бұл шара оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп, олардың туған ел тарихы мен мәдениетіне деген құрметін арттыруға бағытталған. Мұндай экскурсиялар оқушылардың рухани дамуына ықпал етіп, танымдық қызығушылықтарын оятады. Сонымен қатар, бос уақытты пайдалы өткізу арқылы олардың белсенділігін арттыру мен білімге құштарлығын дамытуға мүмкіндік береді.