08
сәуір
2025
04.04.2024 күні лицейімізде “ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЭСТАФЕТАСЫ” өткізілді




04.04.2024 күні лицейімізде “ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЭСТАФЕТАСЫ” өткізілді. Эстафетаға 5-6 сыныптар қатысты. Эстафета 6 кезеңнен тұрды:
1-кезең: “ТАНЫСТЫРУ. Бұл кезеңде әр команда өз атауын, ұранын таныстырып, ұлттық нақыштағы киім үлгісімен ерекшеленеді. Топ мүшелері бірліктерін көрсетіп, өз мақсаттарын айқындайды.
2-кезең: “БӘЙГЕ” . Шабандоздар жүйріктерін жаратып, мәреге бірінші болып жетуге тырысады. Нағыз шапшаңдық пен ептілік сыналатын сайыс!
3-кезең: “ТЕҢГЕ АЛУ” . Қазақтың көшпелі өмірінде ерекше орын алған бұл ойында шабандоздар ат үстінде шауып келе жатып, жерде жатқан теңгелерді жинайды. Бұл – мергендік пен шеберліктің сайысы.
4-кезең: “БҰҚА ТАРТЫС” . Білектің күші мен шыдамдылық сыналатын бұл жарыста балуандар бұқаны арқанмен тартып, өз жағына сүйреуі қажет.
5-кезең: “АСЫҚ АТУ” . Мергендік пен дәлдікке негізделген сайыс. Қатысушылар нысанаға асық атады. Кімнің қолы көздеген жерден жаңылмайды – сәлден соң белгілі болады!
6-кезең: “АРҚАН ТАРТЫС”. Бұл командалық күш пен бірліктің көрінісі. Қай топ арқанды өз жағына тартып, жеңіске жететіндігн анықтаймыз. Ұлттық ойындарымыз – өткеннің даусы, бүгіннің жарқырауы және болашақтың үміті. Әр қатысушы бүгінгі мерекеде өз мықтылығын көрсетіп, ұлттық дәстүрімізді мәңгілікке сақтап, жаңа ұрпаққа жол көрсетті.