Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан төрт бірдей медаль жеңіп алды
21
сәуір
2025

Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан төрт бірдей медаль жеңіп алды





Қаазақстандық оқушы қыздар Еуропалық математикалық олимпиадада тағы да жарқын нәтиже көрсетті

🇰🇿Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан төрт бірдей медаль жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Бұл жарқын жетістік еліміздің мықты математикалық мектебі бар мемлекет екенін тағы бір мәрте әлемге паш етті.

📍Биыл бұл беделді халықаралық байқау Приштина қаласында (Косово) өтті. Олимпиадаға әлемнің 52 елінен 219 оқушы қыздар қатысты. Қазақстан намысын төрт оқушы және екі жетекші қорғады.

🇰🇿 Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Еуропа елдері арасында 12-орынды, ал әлемдік рейтингте 20-орынды иеленді.

🚀Барлық қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:

🥈Күміс медаль – Юлия Катунина – Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейінің 10 сынып оқушысы;

🥉Қола медаль – Арай Касенова – Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы;

🥉Қола медаль – Анар Дидарбекова – Алматы қаласының №39 С.А.Ходжиков атындағы мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;

🥉Қола медаль – Аружан Қайрат – Алматы қаласының №39 С.А.Ходжиков атындағы мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы.

🧠Құрама команда жетекшілері – Медеубек Кунгожин және Мейрам Серікболсын – республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегерлері.

🥇Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада алғаш рет 2012 жылы Ұлыбританияның Кембридж қаласында өткен болатын. Қазақстан құрамасы бұл беделді білім бәйгесіне 2017 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің дарынды қыздары 3 алтын, 12 күміс, 15 қола медаль мен 4 құрмет грамотасын иеленді.

👏 Соңғы үш жыл қатарынан құраманың барлық мүшесі жүлдегер атанып, елге 100 пайыздық нәтижемен оралып жүргендіктерін ерекше мақтан тұтамыз. Халықаралық деңгейде Қазақстанның абыройын асқақтатқан жеңімпаздарды, олардың ата-аналарын, жетекшілерін және мектеп ұжымдарын шын жүректен құттықтаймыз!