Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні
21
сәуір
2025

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні


Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару. “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай 5”Ә” сыныр оқушылары қазақ халқының батыры, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Амангелді Имановтың ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды. Амангелді Иманов – патриоттық рухтың, елге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Оның ерлігі мен ұлт мүддесі жолындағы күресі – жас ұрпаққа өнеге. Сондықтан оның есімі халық жадында мәңгі сақталады.