11
мамыр
2025
2025 жылғы 5 мамырда мектепте “Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні” тақырыбы аясында тағылымды тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

2025 жылғы 5 мамырда мектепте “Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні” тақырыбы аясында тағылымды тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға батырлық пен ерлік, отансүйгіштік пен бейбіт өмірдің қадірі кеңінен түсіндірілді. Ұлы Жеңістің тарихи маңызы мен ардагерлердің ерлігі туралы әсерлі естеліктер айтылып, патриоттық рухты нығайтуға бағытталған мазмұнды кездесулер өтті. Сонымен қатар Аналар күні мен Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы: дәстүр мен құндылықтың алтын ұясы» тақырыбында тәрбиелік мәні зор шаралар жүзеге асырылды. Бұл кездесулерде отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүрлер мен ата-ананың рөлі жайлы тағылымды ойлар ортаға салынды. Қауіпсіздік сабақтары шеңберінде “Өрт қауіпсіздігі” және “Буллинг” тақырыптары қарастырылып, оқушыларға өмір қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәліметтер берілді