18
қыркүйек
2025
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептерін» ұсынамыз. Біз мұнда қазіргі таңда аталмыш жобаны басқартып отырған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының қатысушылары жайлы айтамыз.
🙋🏻♀ Солардың бірі – Сәуле Ескендір. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының қатысушысы бүгінде «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында салынған елордадағы №113 жалпы орта білім беретін мектептің директоры.
🧑🏻🏫 Аталған білім ордасында 3800-ден астам оқушы білім алуда. Оларға 200-ден астам маман білім береді. Ал мектеп басшысы білім беру көшбасшыларынан дайындығы барысында меңгерген білімі мен қабілеттерінің бәрін пайдалануда.
⚜ «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы бізді күнделікті жұмыс пен стратегиялық ойлаудағы шеберліктен бөлек, қоғам үшін қызмет ету миссиясына баулыды. Білім алушыларды өз еліне қызмет ететін тұлға етіп тәрбиелеу қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Бұл үшін ең алдымен мықты команда құру қабілеті қажет. Оған қатысты да көп ақпарат алып, шындалдық. Нәтижесінде, бір мақсатқа жұмылған ұжымымызбен білім беру процесін жетілдіру үшін барымызды салып жатырмыз. Өзгерістер қазірдің өзінде байқалып отыр. Пәндер оқушылар үшін қызықты әрі мазмұнды бола түсті», – дейді Сәуле Ескендір.