12
қазан
2025
Лицейіміздің математика мұғалімі Құрақ Гаухар Шегебайқызы “Алматы ұстазы” байқауының жеңімпазы шетел тағылымдамасынан өту сертификатының иегері атанды

03.10 күні Республика сарайында мұғалімдер күніне арналған салтанатты концертке ұстаздарымыз қатысты. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды өз сезінде «Алматы ұстазы» байкауы педагогтердің кәсіби өсуіне серпін беретінін атап өтті.
Жеңімпаз ұстаздар әлемнің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болатындығын айта келе жеңімпаздарды тағылымдамадан өту сертификаттарымен марапаттады.
Лицейіміздің математика мұғалімі Құрақ Гаухар Шегебайқызы “Алматы ұстазы” байқауының жеңімпазы шетел тағылымдамасынан өту сертификатының иегері атанды. Құттықтаймыз