15
қазан
2025
Достықпен бірігіп – жарқын болашаққа бірге қадам басайық!

С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде – “Дос болайық!” бастамасы
Достық – адамгершіліктің айнасы. Лицейімізде оқушылар арасында сыйластықты, құрметті және бір-біріне қолдау көрсетуді насихаттайтын “Дос болайық!” идеясы кеңінен қолдау табуда.
Бұл бастаманың мақсаты:
ортада жылы қарым-қатынас қалыптастыру
оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға үйрету
жанжалдың алдын алу
ортақ жауапкершілік пен жанашырлықты дамыту
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде әр бала өзін қауіпсіз, еркін және бағалы сезінуі үшін достық атмосфераға ерекше мән беріледі.
Достықпен бірігіп – жарқын болашаққа бірге қадам басайық!