29
қазан
2025
Жеке тәрбие сағаты – тұлғалық дамудың негізі

Жеке тәрбие сағаты – тұлғалық дамудың негізі
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың адамгершілік, жауапкершілік және өзін-өзі тану қабілеттерін дамыту мақсатында жеке тәрбие сағаты өткізілді.
Бұл кездесу барысында:
✅ Оқушылардың жеке көзқарасы мен мінез-құлқы талқыланды
✅ Қарым-қатынас мәдениеті мен әдептілік мәселелері қозғалды
✅ Өз-өзіне сенімділік пен мақсаттылықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар берілді
✅ Психологиялық қолдау мен мотивациялық әңгімелер ұсынылды
Мақсаты – әрбір оқушының жеке тұлға ретінде дамуына, өзін-өзі бағалауға және өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруға жағдай жасау.
Лицейімізде тәрбие жұмысы – біліммен қатар жүретін басты құндылық!