Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Үздік педагог-2025 ж
30
қазан
2025

Үздік педагог-2025 ж


Бүгін ерекше қуанышты жаңалықтың куәгері болудамыз!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген “Үздік педагог” атағын беру қағидаларына сәйкес бұл байқау педагогтердің өздерінің педагогикалық шығармашылығын танытатын ерекше маңызға ие конкурс болып табылады.
«Үздік педагог» – кәсіби шеберлігімен, жаңашылдығымен, шығармашыл көзқарасымен ерекшеленетін, оқушы жүрегіне жол таба білетін, білім беру сапасын арттыруда айтарлықтай үлес қосқан ұстаз. Ол ұстаз лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
АМАНОВ НҰРЖІГІТ БЕРДІБЕКҰЛЫ
2025 жылдың шілде айынан басталған “Үздік педагог” байқауының аудандық кезеңіне Нұржігіт Бердібекұлы қатысып, 97 балмен қалалық кезеңге өтіп, қалалық кезеңнен жоғары балмен байқаудың республикалық кезеңіне өтіп қатысып, бүгінгі күні ұстаздың жан-жақты біліктілігін, шеберлігін, шығармашылығын анықтайтын байқау өз мәресіне 🏆жетті, Астана қаласында өтетін салтанатты марапаттау жиынына шақырылды!
Ұстазымыз ерекше маңызға ие байқаудың республикалық кезеңінің “ҮЗДІК ПЕДАГОГ” атағына ие болды!
Нұржігіт Бердібекұлының осы байқауда бағын сынауға, қатысуына қолдау білдірген Алмалы ауданының білім бөліміне алғысымыз шексіз! @almaly.bilimbolimi
Мұндай педагог үнемі ізденісте жүріп, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім алушылардың қызығушылығын оята алады.
Сонымен қатар, ол әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, кәсіби қауымдастықта белсенді қызмет етеді. «Үздік педагог» – ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын, ел болашағына адал қызмет ететін тұлға.
Осындай ұстаздарымыз барда ұрпақтарымыздың болашағынан зор үміт күте аламыз.
Ұстазымызға үлкен дәрежеңіз, маңызды жеңісіңіз, даңқты арттырар атағыңыз құтты болсын дегіміз келеді!