17
қараша
2025
Тәрбие сағаты өтті.

С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздік дағдыларын күшейту мақсатында деструктивті діни ағымдардың қаупі туралы ақпараттық-тәрбиелік сабақ өткізілді.
Сабақ барысында мамандар заңсыз, адам санасына теріс ықпал ететін, қоғам тұрақтылығына нұқсан келтіретін деструктивті идеологиялардың белгілері түсіндірілді. Оқушыларға күмәнді ақпарат көздерінен сақтану, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық, бейтаныс ұйымдармен байланыс орнатудың зияны және өз қауіпсіздігін қорғау жолдары жеткізілді.
Сонымен бірге, кез келген күдікті жағдай туындағанда сенімді ересектерге, мектеп әкімшілігіне немесе уәкілетті органдарға хабарлау қажеттігі атап өтілді.
Тәрбие сағаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және саналы таңдау жасай алатын тұлға болып өсуіне бағытталды.
Лицей ұжымы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың дұрыс дүниетаным қалыптастыруына тұрақты түрде қолдау көрсетуді жалғастырады.