Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейімізде 5-сынып оқушылары «Жас ұлан» ұйымына қабылданды
03
желтоқсан
2025

Лицейімізде 5-сынып оқушылары «Жас ұлан» ұйымына қабылданды




С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейімізде 5-сынып оқушылары «Жас ұлан» ұйымына қабылданды

Бүгін С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейімізде 5-сынып оқушылары үшін ерекше, қуанышты сәт өтті. Оқушылар салтанатты түрде «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданып, өз елінің адал, жауапты әрі белсенді азаматы болуға ант берді.

Шара барысында оқушыларға ұйымның мақсат-міндеттері таныстырылып, Отанды құрметтеу, еңбекқор болу, қоғамға пайдалы әрекеттерге атсалысу тәрізді құндылықтар түсіндірілді.

💙 Көк галстук тағып, жүрек жарды ант берген жас өрендерімізге үлкен сенім артамыз!
Лицейіміздің мақтаныштары бола беріңдер!