Әдістемелік жұмыстар » Страница 8 » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
Біз қоршаған ортаны қорғаймыз!
30
қараша
2022
Біз қоршаған ортаны қорғаймыз!
Құрметті оқушылар! Біз қоршаған ортаны,табиғатты қорғау мақсатында арнайы 2 қоқыс жәшіктерін қойдық🗑️ Бірі макулатураға арналған болса,екіншісі пластикке арналған. Қазіргі таңда адамзат табиғаттың көптеген ресурстарын пайдаланып жатыр.♻️ Ал ол ресурстар сарқылады. Табиғатты сақтап қалу мақсатында,біз,яғни адамзат әрекет етуіміз керек.🦸 Ал соның бірі қарапайым қоқыстарды бөліп, жинап,оны қайта өткізу. Оқушылар,сіздерден сұрайтынымыз-шыққан қоқыстарыңызды бөліп,осы 2 қоқыс жәшіктеріне салу.
“Әуенді күн”(Musical day)
30
қараша
2022
“Әуенді күн”(Musical day)
Құрметті оқушылар! Бізде жақсы жаңалық бар) Сіздердің қалауларыңызбен әр бейсенбі біздің мектепте “Әуенді күн”(Musical day) өткізілетін болады.Ол күні әртүрлі қазақша өлеңдерді үзіліс кезінде қосамыз. Егер де жақсы әуендерді білсеңіздер,өз ойларыңызбен бөлісе кетіңіздер!
Лицейімізде ашық жәрмеңке
25
қараша
2022
Лицейімізде ашық жәрмеңке
Лицейімізде 23.11 - 24.11 аралығында, сәйкесінше 7-8 және 9-10 сыныптар арасында жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеде оқушылар өздері үйден дайындап әкелген тағамдар мен тәттілерден құралды. Бұл іс-шара өзіне тек қана алып-сатуды ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық жасауды енгізеді. Яғни, әр сынып жәрмеңкеден түскен қаражаттың өздері қалаған бөлігін қайырымдылық қорына өткізді. Бұл балалардың қызығушылығын арттырып, жақсы іс жасауға деген зейіндерін де ашты🙌 Ең бастысы лицейіміздің оқушылары бұл
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы
22
қараша
2022
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында лицей өзін-өзі басқару ұйымы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жадынама таратты!
"Бақыт бастауы- отбасынан" тақырыбында тренинг
22
қараша
2022
"Бақыт бастауы- отбасынан" тақырыбында тренинг
8.11.2022 6"б" сынып ата-аналарымен "Бақыт бастауы- отбасынан" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: ата-анаға баланың бақытты болуы өздерінен басталатынын ұғындыру. Тренинг өткізген лицей психологі Назым Куандыковна. Сынып жетекшісі Ахмадиева А.М.
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"  тақырыбында дәріс сабақ
22
қараша
2022
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында дәріс сабақ
Концепция шеңберінде 7сынып оқушыларымен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында дәріс сабақ өткізілді. Оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, сенім телефондары берілді. Дәрісті өткізген лицей педагог-психологі Назым Куандыковна  
Лицейімізде ашық жәрмеңке
21
қараша
2022
Лицейімізде ашық жәрмеңке
Қайырлы күн құрметті оқушылар! Жақын арада лицейімізде жәрмеңке өтетінін хабарлаймыз. Өткізілу күні: 23.11 (7-8 сынып), 24.11 (9-10 сынып) Жалпы шарттары: 1. Жәрмеңкеге қойылатын тағамдар үйде дайындалған болуы керек (сатып алынған тағамдарды қоюға тыйым салынады!). 2. Қатысушы сыныптардың әрқайсысы кемінде 1 сусын ұсыну керек (газдалмаған). 3. Тағамдардың бағасы 300 теңгеден аспауы керек. (Артық болған жағдайда, ол тағам жәрмеңкеге өткізілмейді!) 4. Бағалау тағам сапасына сай болуы тиіс. Тыйым
"Есірткінің зияны" тақырыбында 7 сынып оқушыларымен жиын.
18
қараша
2022
"Есірткінің зияны" тақырыбында 7 сынып оқушыларымен жиын.
Қараша айының 15 жұлдызында 7-сынып оқушыларымен жиын өтті. Жиынға Алматы қ-сы Наркалогия орталығының дәрігері нарколог Жузбаева Айтолқын Абдыбахитовна мен Мадельхан Асхат Оразғалиұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жусупова Р.Б. мен Тукбаев Ж.Т. қатысты. Жиын барысында есірткінің зияны, есірткіге тәуелділік неден пайда болатыны, соңы немен аяталатыны жайлы айтылды. Есірткі тасымалдау немесе сатумен айналысуға заң жүзінде қандай жаза қолданатыны ескертілді. Оқушылардың
"Томирис" фильмін көруге шақырамыз.
15
қараша
2022
"Томирис" фильмін көруге шақырамыз.
Құрметті 7 сынып оқушылары! Сіздерді тарихи "Томирис" фильмін көруге шақырамыз. Өзіміздің тарихымызға бір шолу жасайық! Өтетін жер: Мәжіліс залы (АКТ зал) Күні: 16.11. Уақыты: 14:00
“Оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асырудың өзекті мәселелері” тақырыбында бағыт-бағдар.
14
қараша
2022
“Оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асырудың өзекті мәселелері” тақырыбында
Күзгі демалыс күндері кафедра жетекшілерімен “Оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асырудың өзекті мәселелері” тақырыбында кафедра жетекшілерімен отырыс өткізіліп, сабақта білім деңгейлері жағынан белсенділіктері төмен оқушымен жұмыс барысы талқыланды. Әр пән мұғалімінің осы жұмысты белсендірудің басты  алгоритмін ұсынылып, директордың орынбасары Г.Б.Сартбаева тарапынан нұсқаулар берілді.  Сонымен қатар,  директордың орынбасары А.К. Кокебаева “Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін модерациялау”