14
қараша
2022
“Оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асырудың өзекті мәселелері” тақырыбында бағыт-бағдар.
Күзгі демалыс күндері кафедра жетекшілерімен “Оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асырудың өзекті мәселелері” тақырыбында кафедра жетекшілерімен отырыс өткізіліп, сабақта білім деңгейлері жағынан белсенділіктері төмен оқушымен жұмыс барысы талқыланды. Әр пән мұғалімінің осы жұмысты белсендірудің басты алгоритмін ұсынылып, директордың орынбасары Г.Б.Сартбаева тарапынан нұсқаулар берілді. Сонымен қатар, директордың орынбасары А.К. Кокебаева “Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін модерациялау” тақырыбымен жан-жақты бағыт-бағдар беріп, туындаған сұрақтар төңірегінде өзара пікіралысу, талқылау жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыс барысы кафедра жетекшілерінің ұйымдастыруымен әр кафедрада өткізілуі жалғасын тауып, пән мұғалімдеріне ақпараттар мен нұсқаулар берілді.





