18
қараша
2022
"Есірткінің зияны" тақырыбында 7 сынып оқушыларымен жиын.
Қараша айының 15 жұлдызында 7-сынып оқушыларымен жиын өтті. Жиынға Алматы қ-сы Наркалогия орталығының дәрігері нарколог Жузбаева Айтолқын Абдыбахитовна мен Мадельхан Асхат Оразғалиұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жусупова Р.Б. мен Тукбаев Ж.Т. қатысты. Жиын барысында есірткінің зияны, есірткіге тәуелділік неден пайда болатыны, соңы немен аяталатыны жайлы айтылды. Есірткі тасымалдау немесе сатумен айналысуға заң жүзінде қандай жаза қолданатыны ескертілді. Оқушылардың толғандырған сұрақтарына жауап берілді, түрлі бейнематериалдар көрсетілді.



