Лицейімізде ашық жәрмеңке » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Лицейімізде ашық жәрмеңке
21
қараша
2022

Лицейімізде ашық жәрмеңке

Қайырлы күн құрметті оқушылар!
Жақын арада лицейімізде жәрмеңке өтетінін хабарлаймыз.

Өткізілу күні: 23.11 (7-8 сынып), 24.11 (9-10 сынып)
Жалпы шарттары:
1. Жәрмеңкеге қойылатын тағамдар үйде дайындалған болуы керек (сатып алынған тағамдарды қоюға тыйым салынады!).
2. Қатысушы сыныптардың әрқайсысы кемінде 1 сусын ұсыну керек (газдалмаған).
3. Тағамдардың бағасы 300 теңгеден аспауы керек. (Артық болған жағдайда, ол тағам жәрмеңкеге өткізілмейді!)
4. Бағалау тағам сапасына сай болуы тиіс.

Тыйым салынған тағамдар тізімі:
1. Қышқылдық-сүт өнімдері (қымыз, шұбат, айран және т.б).
2. Газдалған сусындар.
3. Тез дайындалатын тағамдар (fast-food).
4. Сатып алынған тағамдар.
6. Крем қосылған нан өнімдері (бәліш, эклер, торт, т.б.)
Бұл тізімдегі тағамдар жәрмеңкеге өткізілмейді!

Қосымша талап:
1. Әрбір сынып жиналған ақшаның бір бөлігін ұйымдастырушыларға өткізуі керек. Өткізілген ақша қайырымдылыққа жұмсалады
3. Сыныптар арасында конкурс өткізілетін болады. Бағалау - қазылар алқасы көмегімен (мұғалімдер)
4. Критерийлер: 1-5 балл аралығы

Нәтижелер бойынша балл жиынтығы жағынан үздік сынып анықталып, марапатталады.